Бейімбет МАЙЛИН: Аш, жалаңаш
Күз… Ызыңдаған ащы жел лебін денеге соғып, тітіркендіреді. Денені түршіктіріп, қыстың ызғарын көз алдыңа елестетеді: – Қыс келеді, қыс келеді!.. – дегендей болады. Қыс, көріп жүрген қыс. Қыстың суығына ұрынбау үшін адам баласы əдістеніп үйренген. Əлі келгендері: – Отын даярлап жатыр… – Тон-ішігін даярлап жатыр… Əлі келмегендері: – Бұлар не қылсын?…Несін даярласын?!… Жоқ, қой, табары жоқ қой!” Бұлар кім? Бұлар – үсті-басы кір-кір, екі көзі ғана жылтырап, көше бойында бүрсеңдеп жүрген балалар ғой,...