Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым келетін себебі – исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын еріксіз көзімнің сорасы ағады. Екіншісі – жаһил кезімізде ұннан әр түрлі мүсін жасап, соған табынатын едік. Кейде соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді», − деп жауап берген екен.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Зеленый купол мечети Пророка внезапно стал ярко кр..."3 сағат бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Ғалымбек Елубай: Шала бауыздалған ақ ешкі..."11 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Секрет левитации! Как человек сидел в воздухе? Вид..."13 күн бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Сергей Алексеенок: Почему я принял ислам?..."14 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Ангел смерти Азраил (а.с)..."15 күн бұрын2022, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.