«Абай» журналының екінші нөмірінде ардақты Мәнен бауырымыздың «Ұлтшылдық» деген мақаласына бір ауыз сөз айтқымыз келеді.
Менің ұғымымша, ол кісі: «Ұлтшылдықтан мәдениет, мәдениеттен адамшылық туады» - дейді. Бұған дәлел керек қой! Көріп отырмыз, ұлтшылдық бен мәдениеттің ең жоғарғы басқышындағы – Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? Менің ойымша, әлі күнге шейін асса ұлт, қалса өзімшілдіктен оза алған жоқ. Себеп не? Ұлтшылдық мәдениетті туғызса да, ақ жүрек туғыза алмайды; ақ жүрек дегеніміз - ұждан (һәмме жанға махаббат, шапағат, ғаділет), қазақша – тамам адам баласын бауырындай көріп, жаны ашып, әділет қылу. Осы айтылғандай ақ жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу – ақ жүрек (ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар? Және Мәнен бауырымыз: «Партиялардың бәрінің көздеген мақсаты дұрыс», – дейді. Қате қылса да ындыны дұрыс демесе, хақиқат біреу-ақ емес пе?
Менің ойымша, осы ХХ ғасырдың өнерлілерінің – білімі қылған ісінен – біле тұра нәпсісіне құлдығы зор сықылды.
Қорытқанда, ақ жүрек қайтсең табылады? Қайткенде соны көбейте аламыз? Бар мақсат, бар ындын сонда болу керек қой. Ғайса ғалайһисәләмнің «Пәлендей істі қылмасаң, пәлендей істен тиылмасаң, аспан патшалығына жете алмайсың» дегені – һәммеге бірдей ақ жүрек қой!
«Абай». 1918, №3. 15-16-беттер.