Ислам дейінгі араб қоғамының көрінісі
Ислам дейінгі араб қоғамының көрінісі

Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым келетін себебі – исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын еріксіз көзімнің сорасы ағады. Екіншісі – жаһил кезімізде ұннан әр түрлі мүсін жасап, соған табынатын едік. Кейде соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді», − деп жауап берген екен.

Айтжан ЖексеновАйтжан Жексенов
2 жыл бұрын 411
1 пікір
  • Иә, Исламға дейін сондай надандық дәуірі еді ғой. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Исламды түсіндіріп, алтын ғасырдың негізін қалап кетті.
    2 жыл бұрын